"Үй алу үшін міндетті түрде өртену керек пе":..

503
Қатқан нан мен қара су ішсе де, пәтер жалдап, алты баласын қатарынан қалдырмай тәрбиелеп отырған қызылордалық отбасыға кәсіпкер Нұр-сұлтан қаласынан баспана тарту етті. 
Бағдарлама кейіпкерлері Қызылорда облысында қатты отынмен жылынатын жер үйді жалдап тұрады. Көпбалалы ерлі-зайыптылар журналист Жылқышыбай Нұрсейітке жағдайын айтып телефон соққан.
 Алты баланың анасы жеті жылдан бері өз баспанам болса деп армандаумен келе жатқанын айтады. 
"Бір күні әйтеуір өз үйіміз болар деп армандадық. Балаларымыздың өз бөлмесі, өзімнің ас үйім болса екен дейсің ғой. Теледидардан көретініміз - үкімет тек үйі өртенгендерге, күйеуі жоқтарға, әйелі мен күйеуі ажырасқандарға, өңшең осындай отбасыларға көмектеседі, ал дәл біз сияқты тату-тәтті тұратын толық отбасына үй берілмейді. Әкімдікке барсаң, "күйеуің бар ма?" дейді, сіздерге үй берілмейді дейді. Сонда мен үй алу үшін міндетті түрде ажырасуым керек пе? Я болмаса күйеуім қайтыс болу керек, немесе мына үй өртену керек екен. Сол кезде ғана үй беріледі. Ондай болмаса түк те жоқ, солай деп талай рет қайтарған кезі болған", - дейді көпбалалы ана.