Кентауда оқушыны пышақтап өлтірген күдікті екі айға қамалды

236

фото: v-kurse.ruТүркістан облысы Кентау қалалық сотының санкциясымен «оқушыны пышақтап өлтірді» деген күдікке ілінген Қызылжол жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Облыстық соттың дерегіне қарағанда, 14 қыркүйек күні түнде күдікті Шекербұлақ ауылынан Қарнақ ауылына екі жолдасымен бірге келген. «Дубай» дәмханасының алдында ауылдас 5 інісімен жолыққан. Олар сыныптастарын «Лола» дәмханасының алдында әлдекімдердің тиісіп, қуғанын, дәмханада тағы екі бала қалғанын айтқан. Екі баланы шығарып алу үшін бәрі бірге дәмхананың алдына барғанда көрші ауылдың кәмелет жасқа толмаған төрт баласы шыққан. Араларында төбелес басталып, күдікті өзімен бірге алып барған пышақты қарсы шыққан бір баланың кеудесіне екі рет сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.


Күдікті – Қызылжол жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Бұрын сотты болмаған. Пышақ жарақатынан қайтыс болған бозбала – Қарнақ жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы.
Марқұмды туыстары оны 15 қыркүйек күні жерледі.


Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен (99-бап) қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқушы өліміне байланысты оннан аса жасөспірім ұсталғанын айтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.