Шенеунік құмар ойынның құрбанына айналды

1 633

Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері құмар ойынға ақша алу үшін туыстары мен жақындарын өтпейтін тендерлерге қатысуға үгіттеген,  -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі .


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы бұл дәлелдемелерді толығымен сұрап, сараптама жүргізді. Айыпталушы бәс тігуден 500 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 205 миллион теңге болды,- деді прокурор Аяла Құдайберген.


Ділмұрат Хамрақұлов 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Оның сөзіне сенген жақындары 200 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылып қалды.


Сондай-ақ 10 жылға мемлекеттік сатып алу саласында қызмет көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды, - делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.