Шенеуніктер қызметтік көлікті жекешелендіріп алған

1 580

Фото: atr.kzЖамбыл облысында қызметтік көлікті жекеге аударып алғандарды прокурорлар анықтаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Жамбыл облысы прокуратурасы тексеріс барысында "Таза-Талас" мекемесінен төрт көлік жоқ болып шыққанын анықтады. Белгілі болғандай, аудандық шенеуніктер жаңа көлікті құжат арқылы жарамсыз етіп сатып жіберген. Қолды болған көліктердің қазір үшеуі ғана мемлекетке қайтарылған. Ал төртінші көлікті прокурорлар әлі іздестіріп жатыр.

Екі жыл бойы қызметтік көліктер қолдан қолға өтіп, қызығын жеке адамдар көрген. Ал қаржысын кәсіпорын басшылары бөліп алған. Қазіргі уақытта оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетерлігі, жылы жаңа төрт көлікті шенеуніктер небәрі 22 миллион теңгеге бағалаған.

Жамбыл облысы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тергеу басқармасының басшысы Ақберен Мүлкемановтың айтуынша, кәсіпорын директоры мен орынбасары жалған құжаттардың негізінде автокөліктердің техникалық жағдайы жарамсыз, қолдануға жатпайды деген негіздермен жалған құжаттар әзірлеген.


"Іс жүзінде жарамды пайдалануға болатын автокөліктерді кәсіпорынның теңгерімінен шығарып, оларды аукционға сатудың орнына тікелей өздері жеке тұлғаларға сатып пайда тапқан", – дейді прокурор Ақберен Мүлкеманов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.