Бас прокурордың экс-орынбасары пәтерінде өлі күйде табылды

1 633

Фото: dzen.ruКиевте Украина бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ольга Колинько және оның қызы Ярославаның денесі табылды. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, екі әйел өлімінің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа қарағанда, әйелдердің денесінен күш қолдану белгілері табылмаған, пәтерлері іштен кілттенген. Болжам бойынша, анасы мен қызы әр уақытта өлген: Ольга Колинько – шамамен екі ай бұрын, қызы үш апта бұрын мерт болған.

Мәйіттер сот-медицина сараптамасына берілген. Нәтижесіне қарай шешім қабылданады.

Ольга Колинько Украина бас прокурорының орынбасары қызметін 1993 – 2000 және 2003 - 2005 жылдары атқарған. Украинаны Леонид Кучма басқарып тұрған тұста 2001-2003 жылдары ол ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комитетке жетекшілік еткен.