Асхат Аймағамбетов трансвеститтер клубына барғаны үшін жұмыстан шыққан мұғалімдерге жақтасты
Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазір мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барып, жұмыстан шығып қалған Қызылордалық мұғалімдерді жақтады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде ұстаздардың видеосы пайда болып, ол ата-аналар мен әріптестерінің наразылығын тудырған. Соңында екі мұғалім қызметінен кетті.
Аймағамбетов мұғалімдер де өз құқығы бар қарапайым азаматтар екенін, сондықтан алдымен жағдайды түсінген жөн екенін еске салды. Олардың да жеке өмірі мен құқығы бар дейді ол.
Еске салсақ, Қызылордалық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан шығып қалғаны айтылды. Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға түсініктеме беріп, олар жұмыстан өз еркімен шыққанын мәлімдеді.