Көлік жүргізушісіне белгісіз ер адам пышақпен шабуыл жасаған

1 606

Фото: видеодан кадрӘлеуметтік желілерде үсті-басы қан жоса болған адамның видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Желіде тараған кадрларда көлік жүргізушісі Нұра ауданы Ахмет ауылының аялдамасында бір әйел қолын бұлғап тоқтатқанын, қасында ер адам болғанын айтады. Олар жүргізушіден Астанаға жеткізіп тастауды өтінген. Алайда жүргізуші адам алғысы келмей, есікті жапқан кезде ер адам оған пышақпен шабуыл жасай бастаған.

Бұл жайтқа қатысы бар күдікті ұсталған.


«Қарағанды облысы Нұра ауданында полиция қызметкерлері 14 наурызда аудан тұрғынына пышақ жарақатын салған күдіктіні ізін суытпай ұстады», – деп жауап берді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі өкілі.


Сонымен қатар, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.