Қызылордалық тұрғын: Қоқыс иісі мұрныңды тесіп өтеді
Қызылордалық тұрғындар канал іші мен шеткі аймақтар қоқысқа толғандығын жарыса жазуда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Қала тазалығы – қала мәдениетінің бір бөлігі, біздің ортақ міндетіміз. Шаһарымыздың тазалығы бүгінде күн тәртібінен түспейтін негізгі мәселелердің бірі.Тіпті аймақ басшысы қоқысты қайта өңдеу бойынша жетістікке жеткен облыс деп атайлоп жатыр. Алайда тұрмыстық қалдықтар қаламыздың орталық көшелерінен азая бастағанымен шет жақ өзгеріссіз қалуда. Бұған дәлел Қорқыт ата көшесінде орналасқан «Светлый» каналдың іші. Тұрмыстық қалдық пен өлексесі бар каналдан жаздыңгүні аяқсу алатын тұрғындар да бар. Жасыратыны жоқ, қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар, қоқыс полигонынан шығатын жағымсыз иіс пен бөлінетін улы газ мәселесі әлі күнге өзектілігін жоймай келеді. Деседе қыстан қалған қоқыстан жағымсыз иіс шығып, тұрғындар қолқаны алатын иіспен тыныстау мүмкін емес дейді.
Ал, Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары:
Көктем келіп, күн көзі жылт етсе болды әкім аяқ баспайтын жерлер кішігірім қоқыс «полигонына» айналып кеткен. Жылда солай. Мәселен былтырда жергілікті жұрт әбден әбігерге түскен.