Ұлттық жоба: Қармақшы ауылдық округінде 37 тұрғын қоғамдық жұмыспен қамтылды

1 507

Ауыл – қазақтың күретамыры. Бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің, ұлт руханиятының, қазақы тәрбиенің қайнар көзі. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры да ауылдарымызда сақталып келеді. Бүгінде өркендеп, дамып келе жатқан ауылдар аз емес. Себебі елімізде ауылды өркендетуге, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар, мемлекеттік бағдарламалар қолға алынып, өзінің оң нәтижесін беруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекеттің басты байлығы – адам дейтін болсақ, олардың бақуатты тұрмыс кешуі мемлекет үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдаулары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар халықтың табысы мен тұрмысын жақсартуды, әл-ауқатын көтеруді көздейді.



"Бүгінде Қармақшы ауылдық округінде 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік («Қармақшы»), Әділ ӨК және 54 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтар мал өсірумен ғана шұғылданады. Өткен жылы ауыл тұрғындары Агроаймақ үшін 18 гектар жер дайындалып 36 отбасы 10 гектар жерге – картоп, 8 гектар жерге бақша өнімдерін екті. 2024 жылға Агроаймақ үшін 20 гектарға 50 отбасыға жер дайындау жоспарланып отыр. уда. Ауылдық округте 2023 жылдың 1 шілдеге мал басына жүргізілген есеп бойынша мал саны жеке және шаруа қожалықтарда мүйізді ірі қара 2338 бас, уақ мал 5449 бас, жылқы 1171 бас, түйе 1068 және құс 735 бас тіркелген", – дейді Қармақшы ауылдық округінің әкімі Аязбек Есқарев.


Енді бір айта кетерлік жайт, Туысбек Қалданов, Серік Сағынбек, Жандос Жолтаев сынды кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында «Жылқы өсіру» бағыты бойынша еңбек етіп жатса, Наурыз Суатбеков, Орынбек Құндыбековтей жеке кәсіпкерлер бірі өз қаражатына, бірі қайтарымсыз грант арқылы «Дәнекерлеу», «Компьютер жөндеу» шеберханаларын ашып, халыққа қызмет көрсетуде.


Шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына келер болсақ, ауылдық округ бойынша тіркелген кәсіпкерлер 85 адам. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша 2 адам 8,8 000 000 млн теңгеге, жастарға жеңілдетілген несие 2,5 пайызбен 4,9 000 000 млн теңге шағын несие алды.


"Ауыл тұрғындарының аулалық бақшалық жерін аяқ сумен қамтамасыз етуде табиғатты реттеу және пайдалану басқармасының қолдауымен жаңа су айдау насосы сатып алынып, жұмыс істеуде. Бауыржан Төлеуов деген азаматымыз өз қаржысына дәнекерлеу цехын ашып, ауылдастардың сұранысын орындап жүрсе, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Гүлназ Әбдірахманова «Түйе өсіру» жобасы арқылы шұбат өндіру кәсібін қолға алды. Енді бір айта кетерлік жайт, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыруда аудандық селолық тұтыну кооперативінің жұмыс істемей тұрған ғимаратын жастар жиналатын орынға айналдырып, аудандық жастар ресурстық орталығының демеушілігімен үстел теннисі сатып алынды. Бүгінде жастарымыз орталықта бос уақыттарын тиімді пайдалануда. Қызылтам елді мекенінде де былтыр  біршама жұмыс атқарылды", – дейді ауыл әкімі. 


Құрылыс жөндеу және абаттандыру жұмыстарына келсек, аудандық бюджетінен 3 533,0 мың теңгеге Қармақшы ауылындағы Желдиірмен жөндеуден өтті. VI деңгейдің бюджетінен 516,0 мың теңгеге  Қызылтам елді-мекеніне паспорт орнатылды. Қармақшы ауылындағы Абай, Сейфуллин, жеңіс көшелерінің орташа жөндеу жұмысына 6 692,0 мың теңгеге жоба сметалық құжаттары жасалап, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Сонымен бірге Қызылтам елді-мекеніне балалар ойын алаңын орнату жұмысына 1 516,0 мың теңгеге жоба сметалық құжаты дайындалып сараптамадан өткізілді. 

Биылғы жылға әзірленіп жатқан жобаларға келсек, Қармақшы ауылындағы Абай, Сейфуллин, жеңіс көшелерінің орташа жөндеу жұмысы 195 515,0 мың теңге. Қызылтам елді мекеніне балалар ойын алаңын орнату жұмысы 64 403,0 мың теңге, жерінің құжаттары рәсімделді. Жайылымдық жерлерді суландыруға 2 ұңғыма қазуға 4000,8 мың теңге, Қармақшы ауылына паспорт орнату 8444,0 мың теңгеге жобалар жоспарланып отыр. Жеңіс бағын қоршау жұмыстарына 8584,0 мың теңгеге  сметалық құжаты әзірленіп, жұмыстар жүргізілуде. 


Мәдениет және спорт салаларына тоқталсақ, ауылдық округтің клуб үйлерінде барлығы  111 іс-шара өткізілді. 12 үйірме,1 үгіт бригада жұмыс жасайды. Ән, би, әзіл-сықақ, мәдени үгіт бригадасы барлығы 131 мүше тартылған. Сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан әкімінің демеушілігімен берілген үстел тенисі тұрақты түрде жұмыс жасайды. №15 БжЖС мектебі балаларды аудандық облыстық жарыстардан нәтижелі орындармен оралуда.


Жұмыссыздықты азайту бағытында атқарылған нақты жұмыстар. 2023 жылы Ұлттық жоба аясында ауылдық округ бойынша қоғамдық ақылы жұмысқа 37 адам, жастар тәжірибесіне 3 адам, күміс жас 1 адам, әлеуметтік жұмыс орны 1 адам жұмыспен қамтылды.