Қазақстан айыппұлдың құны бойынша ТМД-да көш бастап тұр
Қазақстан жол ережесін бұзатындарға салынатын айыппұл көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айыппұл бойынша мәселе даулы екенін растады.
Айта кетейік, Парламенттің төменгі палатасында "Жол жүрісі туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Жаңа ережелерге сәйкес, жүргізуші куәлігі жоқ жол ережесін бұзған адамдар 7 жылға дейін құжат ала алмайды. Оның ішінде алкоголь немесе есірткі қолданған мас күйінде жауапкершілікке тартылған тұлғалар жеті жылға дейін емтихан тапсыруға жіберілмейді.
Тағы да оқыңыздар







