Қызылордада жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда
2024 жылы қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту үшін бюджеттің барлық көздерінен 21,5 млрд. теңге қаралған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қала көлеміндегі ұзындығы 46,1 шақырымды құрайтын 35 көшеге 4,4 млрд. теңгеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шаһарымыздың негізгі көшелері Қожа Ахмет Яссауи, Е.Көшербаев, Жаппасбай батырдың бойын кеңейтіп, 4 жолақты жолға ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 6,8 млрд. теңге қаралған.
Атап айтатын болсақ, ұзындығы 2,9 шақырым болатын Қожа Ахмет Яссауи көшесіне 3 млрд. теңгеге, 2 шақырымды құрайтын Е.Көшербаев көшесіне 434,4 млн. теңгеге және де 3,3 шақырымды құрайтын Жаппасбай батыр көшесіне 2,8 млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар, Н.Назарбаев даңғылынан («Сыр самалы» мейрамханасы) Тәуелсіздік даңғылына дейін жол салуға республикалық бюджеттен 570,7 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын мердігер «Қыран» ЖШС жүргізуде.
Облыстық бюджеттен бөлінген 1,8 млрд. теңгеге жалпы ұзындығы 48 шақырым болатын қаланың 40 көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Қаламызды жарықтандыру мақсатында 54 көшеге 1,3 млрд. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, облыстық бюджет тарапынан бөлінген 137,4 млн. теңгеге 15 көшеге қиыршық тас төселуде. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталады. Қала көшелеріндегі бұзылған асфальт қабатын қайта қалпына келтіру үшін 108,2 млн. теңге қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кент пен ауылдық округтердегі көшелерге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 11 көшеге 942,8 млн. теңге,
19 көшеге жаяу жүргінші жолын салуға 220,1 млн. теңге қаралған. Жанқожа батыр мен Б.Құлтекенов көшелерінің қиылысындағы темір жол арқылы көпір салу үшін 4,7 млрд. теңге бөлінді.
«Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының бойында «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпір құрылысын салу үшін биыл жылыға 192,8 млн. теңге бөлінді. Жоба құны 428,3 млн. теңге.
Бұдан бөлек:
- 9,8 шақырым болатын «Қызылорда - Құмкөл» автомобиль жолын көлік жолайрығынан бастап Құмкөл кіре-беріс жолына дейін қайта жаңғырту (Жоба құны 7 млрд. теңге) жұмыстары.
- Әуежай жолын кеңейту жұмыстары
- Тәуелсіздік даңғылын 4 жолаққа кеңейту;
- М.Шоқай көшесін қайта жаңғырту (С.Бейбарыс көшесінен Саяхат тұрғын ауданына қарай) жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.