Қызылордада 10 "Сергек" камерасы орнатылды

1 530

Фото: «Казахстанская правда»Қызылордада 10 "Сергек" камерасы орнатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары, облыс әкімдігінің қолдауымен, облыс әкімдігі, Қызылорда ОПД және «Sergek-Group» мекемелері арасында «Меморандум» жасалып, қала орталығындағы көшелерге көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын өлшеуге арналған 10 дана «Сергек» құрылғылары ағымдағы жылдың 5-шілдесінен бастап іске қосылатындығын хабарлаймыз.


Аталған құрылғылар екі бағытта жылдамдық асырған және жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамай құқық бұзушылық жасаған автокөліктерді анықтайтын болады.


Сонымен қатар, ҚР ІІМ-нің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығымен бекітілген Жолда жүру қағидаларының талаптарына сәйкес, осы Қағидаларды бұзуларды стационарлық сертификатталған арнайы техникалық құралмен және аспаппен тіркеу жүзеге асырылады және бұл ретте ақпараттық нұсқағыш              фото-бейне тіркеу белгілерін орнату міндетті емес екендігін жүргізушілердің назарына  саламыз.

Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарын жол ережелерін бұзбауға және көлік құралын басқару кезінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырмауға шақырамыз.


1.  Сол жағалау, 2-ші айналым мен Батыс Еуропа Батыс Кытай жолының ортасында;

2.  Сол жағалау, Абылайхан көшесі, (Орда мектебінің тұсы);

3.  Сол жағалау, Сырдария жағасындағы жол, (Арай Санрайс дача тұсы);

4.  Әуежай тас жолы (Есенбек ата ауылы тұсы);

5.  Әуежай тас жолы (Әуежай аркасы тұсы);

6.  Тәуелсіздік даңғылы (Сыр Ана ескерткіші тұсы);

7.  Сұлтан Бейбарыс көшесі (№264 мектеп тұсы);

8.  Сұлтан Бейбарыс көшесі (Облыстық әкімшілік);

9.   Хон Бен До көшесі (Нұртуған көшесі тұсы);

10. Әміре Қашаубаев көшесі (№2 үй тұсы).