Мектеп жанынан студенттің денесі табылды

1 749

Фото: Қосшы чатынан алынғанҚайғылы оқиға Қосшыда болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Белгілі болғандай, колледж студентінің денесі 15 шілдеде табылған. Тұрғындардың айтуынша, жасөспірім жекеменшік мектептен шамамен 60 метр қашықтықта орналасқан ферма ғимаратындағы металл құрылымға асылып қалған.


Полиция оның мұндай қадамға неге барғанын анықтауда. Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 жастағы жігіт – Астана тұрғаны, бірақ өзі Көкшетауда білім алады екен.


"Тергеу басталды. Қазір полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – делінген ПД мәліметінде.


Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді.


Прокурорлар жас жігіттің 14 шілде күні кешке суицид жасағанын алға тартады. Ал полицияға қоңырау 15 шілдеге ауған түні хабарланған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.