Екі күн бұрын жоғалып кеткен қызылордалық жігіттің денесі табылды

1 881

kaznovosti.kzЖоғалған азаматты іздестіру жұмыстарына екі күн бойы Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты, - деп хабарла"ды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.


«23 шілде күні жоғалған адамның денесі табылды. Аталған дерек Қызылорда қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебі анықталуда. Бұл мақсатта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы күтілуде. Жеке басы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.