«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қабылдау ұйымдастырылды
«AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың мамыр айынан бастау алған партиялық жобаның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық деңгейін арттыру, тегін заңгерлік кеңестер беру, заң талаптарына сәйкес мүгедектер санатына жататындарға заңгерлік сүймелдеумен көмектесу.
Қабылдау барысында тұрғындар алимент өндіру, бұрыңғы ерлі-зайыптылар арасындағы несиені ортақ деп танудың жолдары, медициналық қызметтің сапасы, мектепке қабылдау жолдары және балаларды мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде өтініштер білдірді.
Қабылдау нәтижесі бойынша алимент өндіру және несиені ортақ деп тану жолдары бойынша Әділет департаментіне ұсыныс беру жолдары түсіндірілді.
Медициналық қызмет сапасы және санаториялық ем алу жолдамалары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жазбаша өтініш білдіру ұсынылды.
Мектепке қабылдау жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мектеп әкімшілігіне мәселені шешуге ұсыныс берілді.
Балаларды мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету бойныша тиісті мектеп әкімшілігіне ұсыныс беріліп, көмек көрсету жолдары қарастырылды.