Ақтөбе облысында көлік ортасынан қақ айырылды

361

Ақтөбе облысының аумағындағы "Самара-Шымкент" тас жолының бойында жол апаты болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Оқиға қаланың маңындағы Маржанбұлақ ауылының тұсында болған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ваз 2114" көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Осы сәтте "Опель вектра" көлігімен соқтығысады. Қатты соққыдан "Ваз 2114" көлігі ортасынан бөлініп қалды.

Ал түрлі дене жарақатын алған "Опель вектра" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.