Қазынашылық департаментінің қызметкерлері 8 млн теңге жымқырған

1 554

Фото: Kazpravda.kzТүркістан облысы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық прокуратураның мәліметінше, департаменттің лауазымды қызметкерлері «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ есепшілерімен сөз байласу арқылы қызметкерлердің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.


Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.


Бұған қоса басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заңбұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.