Балабақшада 5 жасар бала ацетон ішіп қойған

1 707

time.kzЕкібастұз қаласында 5 жасар бала ацетон ішіп қойып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқыс оқиға 15 тамызда болған. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшаға жедел жәрдем қызметі шақырылды.


"Дәрігерлер 5 жасар балаға химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті", - деп жазылған денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.


Қызметтік тексеріс барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды.


Осы сәтте бала бөтелкені алып, ондағы сұйықтықты ішіп үлгерген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.