Спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын құмар ойынға салған

1 116

Фото: pixabay.comАқтөбе облысының прокуратурасы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің басшылары бюджетке түсуге жататын спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін әуесқой спорт командаларынан алған қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Соңғы 3 жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Спорт мектептерінің басшылары 6 млн теңгеден астам бюджет қаражаттары заңсыз жұмсаған. 

Бұл қаражатты мектеп басшылары өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселердегі ставкаларға жұмсаған. Сонымен қатар, «Ақтөбе» футбол клубының іссапары үшін ұшақ билетін 165 млн теңгеден астам қымбат бағаға сатып алған.


«Барлық фактілер бойынша прокуратура ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сонымен қатар, тексеру нәтижелері Ақтөбе облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралып, жауапты мемлекеттік органдарға бұқаралық спортты қаржыландыру жағдайын түзету, бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану тапсырылды», - деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.