Қоқыстан табылған нәресте шетінеп кетті
1 158
Семейде қоқыс жәшігінде денесі күйген нәресте шетінеп кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаңа туған сәбидің денесінің 80%-ы күйіп қалған. Табылған сәби – шамамен бір күндік қыз бала.
Абай облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілі Эльзира Жүнісова Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәбиге қатысты пікір білдірді.
"Нәресте 13 қазанда сағат 19:40-та шетінеп кетті, ол облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде жатты. Денесінің 80%-ы күйік алған. Жағдайға қатысты қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деді Жүнісова.