Ақша бопсалаған студенттер 4 жылға бас бостандығынан айырылды

1 149

Фото: pixabay.comЖоғарғы оқу орнында оқитын 2 студент ақша бопсалаймын деп бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 21 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты студенттерге қатысты қылмыстық істі қарады.

Ақпан айында 2 студент жігіт жәбірленушіден ақша талап етіп, дене жарақатын салған. Жәбірленуші 55 мың теңге аударым жасаған. Кейін сотталушылар онымен қоймай, баспанасына басып кірген. 

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, бейнежазбалармен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

«Сот үкімімен сотталушылар ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1, 3) тармақтары мен 149-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жасалған қылмыстардың мән-жайлары мен олардың ауырлығын, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескере отырып, сот сотталушыларға қылмыстардың жиынтығы бойынша пробациялық бақылау белгілей отырып 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», - делінген хабарламада.