12 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

1 248

Фото: pixabay.comАқтау қаласында 12 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы 12 жасар қыздың қазіргі жағдайы туралы айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, қыз балаға бас миының жабық жарақаты, маңдай сүйегінің сынуы, мидың орташа ауырлықтағы көгеруі, маңдай аймағының көгеруі секілді диагноз қойылды.

"Жағдайы тұрақты, орташа ауырлық дәрежесі, емдеу жүргізіліп жатыр. Отасыз симптоматикалық терапия тағайындалады", - деп хабарлады медициналық мекеме.

Оқиға №2 шағын аудандағы №71 үйдің жанындағы футбол алаңында болған. Басылымның жазуынша, футбол алаңының құрылысы бітпеген. 24 қазан күні балалар футбол қақпасын өз бетінше көтеріп орнатады, салдарынан қақпа 12 жасар қыздың басына түскен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.