Жол апаты салдарынан полицей қаза тапты
225
Ақмола облысында жол апатынан полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство 17 қазанда түнгі сағат 02.00 шамасында Ақкөл қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қайтыс болғанын мәлімдеді."Toyota Carina жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Seat Alhambra көлігімен соқтығысқаны анықталды. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, сол көліктің екі жолаушысы мен екінші көліктің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Seat Alhambra жүргізушісі зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.Сондай-ақ, облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы полиция қызметкерінің жеке көлігінде жұмыстан тыс уақытта болғанын хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзендегі ерекше жағдай түсірілген видео тарады – полицей көлік тұрағында әріптесінің соңынан жүгіріп бара жатқаны түсірілген. Маңғыстау облысының полиция департаменті қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл қызметкердің әрекетін тәртіптік комиссия қарайды.