Өрт қауіпсіздігі шаралары талқыланды

1 386

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіБүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жиынға жауапты министрліктер қатысып, өңір әкімдіктері онлайн байланыс арқылы қосылды.

Айта кетейік, биыл аймақ тұрғындары республикалық бюджет есебінен 9 млрд. теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, өсім алдыңғы жылдармен салыстырғанда 20 пайызды құрады. Жергілікті бюджеттің 557,8 млн. теңге қаржысына 21 түрлі сирек кездесетін аурумен ауыратын 425 науқасқа дәрі-дәрмек алынды. Алдағы жылға осы мақсатқа 776 млн. теңге бөлінді.

2022-2024 жылдары сирек кездесетін ауруға шалдыққандар «Қазақстан халқына» қоры арқылы 1 млрд. 463 млн. теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтылды. Бүгінде медициналық жеткізушілер 100 пайыз тестілеуден өтті. Жыл басынан бері 10 айда 44 медицина ұйымы 430 мың қорап дәрілік препараттар қабылдаған. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында 15 792 рецепт жазылып, босатылды. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес, облыстың 17 медициналық ұйымында «Госпитальдық фармация» бөлімдерін ашу жоспарлануда.

Бүгінде құзырлы органдар өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейтуде профилактикалық жұмыстарды қолға алған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи газды қауіпсіз пайдалану, түтін жолдары мен ауа-желдеткіш каналдарды уақытылы тазалау және жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бағытында үгіт-насихат үздіксіз жүргізілуде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.