Сирияға соғысуға кеткен Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

1 396

Фото: ҚР ҰҚКҰлттық қауіпсіздік комитеті ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған азамат Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келген. Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарының қолына түскен.

Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталған. ҰҚК фигурантқа қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.