Қызылордада көлік қаққан ер адам қайтыс болды

1 505

Фото: instagram.com/ kritika.kyzylordaҚызылордада 26 қараша күні кешкі уақытта жаяу жүргіншіні көлік қағып, бірнеше метрге ұшып түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ер адам алған жарақатынан тірі қалған жоқ.

Қайғылы оқиға орнынан түсірілген фото жарияланды. Оқиға Қорқыт ата көшесінде кешкі уақытта болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жоғары жылдамдықпен келіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адамның басы жарылып, алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Марқұмның артында үш баласы қалғаны белгілі болды.

«Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата көшесінде болған ЖКО фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс аясында тиісті сот сараптамалары тағайындалады, тергеудің толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі қамтамасыз етіледі», - деп хабарлады Қызылорда полиция басқармасы.

Кінәлі жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.