WhatsApp 2025 жылдан бастап бірқатар смартфондарда жұмысын тоқтатады

1 399

Фото: pixabay.com2025 жылдан бастап WhatsApp Android смартфондарының бірқатар модельдерінде жұмыс істеуді тоқтатады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі GSMArena порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тізімде 10 жыл бұрын шығарылған Samsung, Motorola, HTC, LG және Sony смартфондарының бір кездері танымал болған 19 моделі бар. Олардың арасында Samsung Galaxy S3 және Note 2, бірінші буын Motorola Moto G, HTC One X, LG Optimus G мен Nexus 4 және Sony Xperia-ның бірнеше модельдері кездеседі.

Meta корпорациясының дерегінше бұл шешімі WhatsApp-тың жаңа мүмкіндіктерін, соның ішінде заманауи жабдықты қажет ететін жасанды интеллектке негізделген шараларды қолдау қажеттілігіне байланысты шығарылып отыр. Аталған құрылғылардың пайдаланушыларына барлық WhatsApp деректерін 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жаңа құрылғыларға көшіру ұсынылды. Әйтпесе чат тарихы мен медиа файлдар біржола жоғалады.

Сонымен қатар Мeta бұл шешімді ескі iPhone модельдеріне қатысты да қабылданды. WhatsApp 2025 жылдың мамырында 15.1 нұсқасынан төмен iOS құрылғылары үшін тоқтатылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.