''Алтын белгі''

707
Осы жылдан бастап оқу озаттарына "Алтын белгі" төсбелгісін алу үшін қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың республикалық тамыз конференциясында мәлімдеді. 

Министрдің сөзінше, БҒМ "Алтын белгіге" үміткерлер үшін талаптарды қатаңдату жұмыстарын өткен жылы бастаған.

 "Келесі жылдан бастап "Алтын белгі" алу үшін қойылатын талаптар күшейтіледі. Өздеріңіз білетіндей, біз оларды жыл сайын кезең-кезеңмен өзгертіп жатырмыз. Бұл мәселені өткен жылы көтердік (талапты күшейту туралы- ред.), кейбір өзгерісті енгіздік.

 Биыл екінші кезеңде үміткерлердің бағасы тек жыл нәтижесі бойынша ғана емес, әр тоқсан бойынша қаралады. Яғни, оқушы 5- сыныптан 11- сыныпқа дейін әр тоқсанды 5 бағасымен қорытындылау керек. Осындай талап енгізіледі. Бұл өте маңызды. Сондықтан осындай шешім қабылдап отырмыз", - дейді Асхат Аймағамбетов. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.