Өз әйелінің денесін өртеп жіберді

1 846

Фото: freepik.comОңтүстік Кореяда ер адам өз әйелінің денесін өртегені туралы мәлімет жария болды. Кейіннен қайтыс болған әйелдің Қазақстан азаматы екені анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Оңтүстік Кореяның Киме қаласында 43 жастағы Қазақстан азаматы 25 мамыр күні таңғы сағат 3 шамасында өз үйінің маңындағы саябақта асылған күйінде табылған. Бұл туралы Серік Ахметжанов есімді азамат әлеуметтік желілерде бейнежазба жариялады.

"Марқұм әйел 2017 жылы Кореяға көшіп келіп, корей ұлтының өкіліне тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыпты заңды некеде болған. Бірақ балалары жоқ. Әйелге F-6 санатындағы (неке арқылы берілетін) виза рәсімделген", – деді Самат Ахметжанов.

Қаза тапқан азаматша денесін таңғы сағат 5-тер шамасында сол маңда жүрген азамат байқап, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаған. Полиция мәліметінше, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.

«Мақұм әйел мұсылман болған. Күйеуі мұсылмандардың мүрдесін өртеуге болмайтынын біле тұра, кремация жасаған (өртеген). Яғни, отандасымызды жағып жіберген. Бұл жағдай марқұмның туыстары мен қазақ қоғамының наразылығын тудырып отыр»,  – деді Ахметжанов.