Жоғары температура кезінде қысқартылған жұмыс күніне құқылы
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы аптап ыстық тұрғындарға ауыр тиіп жатыр. Күндізгі уақытта термометр көрсеткіші +35 градустан төмен түспейді. Мұндай ауа райында кейбір қызметкерлер жұмыс уақытының қысқартылуын талап ете алады,- деп хабарлайды "Opennews" ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
Жаздың келуімен жол жөндеу жұмыстары қарқын ала түседі. Қырық градусқа жақындаған аптап ыстықта, күн астында жүріп, жол жасайтындар ескі асфальтты қырып, жаңасын төсейді. Алайда олардың көбі осындай жағдайда қысқартылған жұмыс күніне құқылы екендерін білмейді.
Заңгер Әсел Серікмұратова ашық аспан астында жұмыс істейтін кез келген қызметкердің қысқартылған жұмыс күніне құқығы бар екенін айтады.







