Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы: тұрғындар жолды жауып тастады

379
Алматымен шекаралас ауыл тұрғындары Үлкен Алматы айналма жолы құрылысына кедергі жасамақ болды. Олар техника өтетін жолды жауып, қалаға өтуге кедергі болатын жол құрылысына наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бейбітшілік ауылының тұрғындары қалаға өтетін жолды бұзбай, сақтап қалуды талап етеді. Олардың айтуынша, егістік арқылы жол салуға уәде берілген, бірақ ол орындарлмаған.
"Бұл жерде Үлкен Алматы айналма жолы салынып жатыр, біз өтетін жалғыз жол жабылады. Бұл жолға ақша жинадық. Енді жер иелері тіпті өтуге рұқсат бермейді. Айыппұл саламыз дейді", - деді Бейбітшілік тұрғыны Айгүл Нұрмағамбетова.
Ауылда 70-ке жуық отбасы бар. Әр үйде балалар бар. Егер жол жабылса, олар мектепке қалай жететіні белгісіз.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға орнына әкімдік пен әкімшілік өкілдері келгенімен, мәселені шешпеген. Ауыл тұрғындары үлкен магистральдан ауылға шығатын жол салуды сұраған. Бірақ жол мамандарының айтуынша, Үлкен Алматы айналма жолындағы жылдамдықты ескерсе, бұл қауіпті болады.
"Елді мекендер бірден жолға тікелей өтетін жол салуды сұрайды, бұл мүмкін емес. Себебі бұл жолдың орташа жылдамдығы сағатына 140 шақырым. Егер ертең бұған рұқсат берсек, төтенше жағдайлар болады", - деді ҚР ІІМ Жолдар комитеті төрағасының орынбасары Бақтияр Жамбыл.
Талғар ауданының әкімдігі ауыл тұрғындары үшін Үлкен Алматы айналма жолға параллель жол салуды жоспарлап отыр, бірақ оған шамамен 177 миллион керек. Әкімдік қазірдің өзінде бюджеттік өтінім берген, бірақ ауылға жаңа жолдың қашан салынатыны белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.