Қызылордада есірткі өсірген 32 азамат ұсталды

2 463

Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті1 маусымда елімізде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған «Қарасора - 2025» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол 31 қазанға дейін жалғасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара аясында өңір аумағында осы бағытта құқық бұзудың 70 дерегі анықталды. 

– Атап айтқанда, 41 дерек есірткі өсіру, 6 дерек есірткі өткізу, 10 дерек аса ірі мөлшерде ескірткі сақтау бойынша, ал 22 дерек – есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 898 килограмм 684 грамм есірткі заты алынды. Оның ішінде 5 килограмнан астам марихуана, 8 килограм 794 грам көкнәр өсімдігі, 2 килограмм 301 грам синтетикалық есірткі тәркіленді, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар есірткі өсірумен айналысқан 32 адам құрықталып, оның 13-і қамауға алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.