"Полицейлер оны пышақтап жатқанын көрген": клубта пышақталған 19 жасар жігіттің әпкесі

1 645

Фото: видеодан алынған кадрАстанадағы түнгі клубтардың бірінде 19 жастағы жігіт қаза болды. Бірнеше күннен кейін марқұмның әпкесі бақылау камерасынан алынған жазбаны жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бірнеше күн бұрын Астанадағы түнгі клубтардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Полиция мәліметінше, қатысушылардың бірі пышақ шығарып, 19 жастағы жігітті пышақтаған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Марқұмның әпкесі Аружан Әбді Instagram-парақшасында оқиғаның видеосын жариялады. Жазбада ол болған жайтты түсіндіріп өткен.

"Қанішер інімнің жүрек тұсынан пышақ тыққаны көрініп тұр. Бұл кезде бір рет емес, екі рет. Інімнің аппақ жейдесі қан-жоса болады. Мына жерде тағы да, екінші рет соққы алады. Інімнің жүрегіне пышақ тығылса да, оның ана баланы ұрамын деп ұмтылғаны көрінеді. Інім ол кезде пышақталғанын білмей қалған", – дейді қыз.

 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.