Әскери қызметкерге қысым көрсетіп ақша бопсалаған

1 531

Фото: Ішкі істер министрлігіПавлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы әскери қызметкерден ақша бопсалаған деген күдікпен Павлодар қаласының екі тұрғынын ұстады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметкерге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденіп келген. 

"Белгілі болғандай, олар бұған дейін де қылмыстық ортада жүрген. Қазір соттың санкциясымен екі күдікті екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып, олардың басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді полиция департаменті.

Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Болат Нұрсеитов азаматтарды кез келген бопсалау немесе заңсыз әрекет фактілері туралы хабарлауға шақырды.

Полицияның айтуынша, барлық өтініш қатаң құпия түрде қаралады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.