Жылу беру маусымы басталды

1 442

Фото: Pixabay.comПавлодар облысында жылу беру маусымы басталды. Ең алдымен жылу балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандарға берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінде жылумен көпқабатты үйлер қамтылып жатыр. Ал Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында жылу қазандықтары осы аптада іске қосылмақ.

Ел тұрғындары қытымыр қыстан қысылмай шығу үшін өзге өңірлерде де дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 6 энергоблок, 30 шақты қазандық және 20-ға жуық турбина жөндеуден өтіп, маусым басталғанша тағы 30-дан аса қазандық жаңартылмақ. Бұған қазына қаржысынан 400 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Отын тапшылығын туғызбау мәселесі де басты назарда. Министрлік сөзіне сенсек, алдағы жылыту маусымына 8 млн тоннаға жуық көмір қажет.

"Алдағы жылыту маусымына жалпы 7,7 млн тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда оның 4,4 млн тоннасы жинақталған. Көмірді жеткізу кестеге сәйкес жүргізіледі. Жалпы айтқанда, жылу беруші станциялар және қазандықтар, жылу желілері жылыту маусымына республика бойынша дайын", - дейді ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.