Полиция пунктінен әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды

1 587

Фото: Видеодан скрин30 қыркүйек күні кешкі уақытта Қарағандыдағы учаскелік полиция тірек пунктінен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері мен жалаңаш қыздың денесі табылды. Полиция қызметкері жансақтау бөлімінде комада жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қимылсыз жатқан қыз бен ер адамды тапқан. Жалаңаш қыздың денесі бір бөлмеде, ес-түссіз жатқан полиция қызметкері екінші бөлмеден табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қандай да бір әсер ететін заттан есін жоғалған. Диагнозы – белгісіз затты мөлшерден тыс тұтыну.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияның бір тірек пунктінен қыздың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей медицина мекемесіне жеткізілді.

Мәселені жан-жақты тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеріс тағайындалды. Барлық іс-әрекеттер мұқият тергеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.

“Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын. Іс менің жеке бақылауымда”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.