"Әйелімнің мүсіні қойылғаны рас": Шымкенттік экс-судья желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді
403
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бұрынғы төрағасы көзі тірісінде өзіне және әйеліне кесене салдырды деген хабар тараған болатын,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Aibat жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Видеоны әлеуметтік желіде белсенді Арман Шораев өзінің Facebook парақшасында жария етіп, "Мемлекетіміздің сот жүйесі туралы білу қажет нәрсенің бәрі осы..." деген жазба қалдырған еді.
Желіде қызу талқыға түскен видеоға қатысты Бекет Тұрғараевтың айтуынша, видеодағы кесене экс-судьяның бастамасымен бой көтерген "Бабалар рухына тағзым" деп аталатын кешен құрамындағы, Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай салынған "Бекет Ата киелілер кесенесі" екен.
Сондай-ақ кесене өзінің және халықтың ақшасына салыныпты. Экс-судья кесенеге қойылған жары Ұлды Хамитқызына арнап қойған мүсін туралы да түсіндірді.
"Ол жерде тек менің жарым ғана емес, әке-шешеме де арнап орнатылған мүсін бар. Әкем соғыс ардагері болды. Ата-анам мені дүниеге әкелген, оларды ардақтау менің парызым. Әйеліме мүсін қойғаным рас. Оны жасырмаймын. Мен өлген соң балаларын қоя ала ма, жоқ па білмеймін. Сондықтан, өзімнің жарыма құрметім ретінде қойдым", - деді.
Бекет Тұрғараев осыдан 12 жыл бұрын зейнетке шыққан. Қазір бар уақытын руханиятты жаңғыртуға арнап жүр.
Тағы да оқыңыздар
Өнеркәсібі өрлеген өңір
1 502