Медбикеге тіл тигізген тұрғын айыппұлмен жазаланды

1 539

Фото: Ақ ЖайықПетропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты медицина қызметкеріне құрметсіздік танытқан тұрғынға қатысты істі қарады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 10 қазанда №1 қалалық емхананың фельдшері үй-үйді аралау кезінде медициналық есепте тұрған азаматтың тұрғылықты жеріне барған. Қызметтік міндетін орындау барысында тұрғын медицина қызметкеріне балағат сөздер айтып, оны баспалдақ алаңынан шығарып жіберуге тырысқан.

"Сот отырысында С. өз кінәсін мойындады. Сот оның әрекеттерін ҚР ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша саралады. Жаза тағайындау кезінде құқық бұзушының жасы және әкімшілік қамауға алу мүмкін еместігі ескеріліп, 82 572 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, заңнамада көзделгендей, жедел төлем жасаған жағдайда 30% жеңілдік қарастырылды", - деп мәлімдеді Петропавл қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.