Мемлеметтік бағдарлама арқылы берілген үй құлау алдында тұр

1 515

Фото:office-news.ruТүркістан қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында салынған көпқабатты тұрғын үй құлау алдында тұр,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Пәтер иелерінің айтуынша, қабырғалар күн өткен сайын жарылып, кафельдер қопарылып жатыр. Тіпті кейбір жарықтардың арасынан сырттағы қаланы көруге болады. Бұл баспана әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған. Тұрғындар жылдар бойы кезекте тұрып жеткен үйлері сапасыз күйде шыққанына күйініп отыр. Қоныстанған алғашқы айдан-ақ үйдің ақаулары анықтала бастаған, бірақ жауапты мекемелерден нақты шешім болмай отыр. Тұрғындар жағдайды шұғыл арада тексеріп, үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етуде.