«Банктер онлайн несие бермейді»: Мұрат Әбенов заңдағы биылғы өзгерістер туралы айтты
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов биыл Парламент қабырғасында қаралған басты заңдар мен олардың нәтижелері жөнінде пікір білдірді. Оның айтуынша, қабылданған маңызды шешімдердің бірі – онлайн несиелеуге шектеу қою, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутат банк саласына қатысты азаматтардан көптеген шағым түскенін атап өтті. Осы мәселелерді талқылау нәтижесінде бірқатар ұсыныстар дайындалған.
Сондай-ақ Мұрат Әбенов құрылыс саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Оның сөзінше, құрылыс нысандарына берілетін кепілдік мерзімі 10 жылға дейін ұзартылып, алғашқы екі жылда толық мемлекеттік бақылау енгізілген. Сонымен қатар, әкімдердің шешім қабылдау өкілеттігі шектелген.
Әбенов алдағы уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға да түзетулер әзірленіп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, авиация саласына мемлекеттік бақылауды күшейту, қайтарылмайтын әуе билеттері мәселесін шешу және билет бағаларын реттеу көзделіп отыр.







