12 сыныптас әскери борышын бірге өтеуде
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде бұрын бір сыныпта оқыған 12 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 сарбаздың барлығы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектептің түлектері.
Бөлім басшылығының айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Себебі бір ауданнан бір әскери бөлімге түсу өз кезегінде үлкен кездейсоқтық.
Қазіргі уақытта жігіттер оқу пунктінде бастапқы әскери дайындықтан өтіп, әскери қызметтің негіздерін меңгеріп жатыр. Командирлер олардың ұйымшылдығы мен бір-біріне көмек көрсетуін жоғары бағалайды.







