Мас ер адам әйелді қорқытып, көлігін қиратқан
Мас күйдегі ер адам Астанада әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, оның көлігінің алдыңғы әйнегін сындырған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Полиция күдіктінің психиатриялық есепте тұрғанын анықтап, оны психикалық денсаулық орталығына жеткізген.
Астанада өзін агрессивті ұстаған ер адам бір әйелге жақындап, егер көлігін алып кетпесе, өлтіремін және ауыр жарақат саламын деп қорқытқан.
Әйел дауласпай, көлігін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгісі бар өз орнына апарып қойған. Алайда ер адам оның соңынан еріп, бопсалауын жалғастырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырып жіберген.
Астана полиция департаментінде бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдағанын және күдіктінің психиатриялық есепте тұрғаны анықталғанын хабарлады.







