Су жаңа тұрғын үйді су басты

1 508

Фото: Видеодан скриншотҚарағанды қаласындағы “Амадина” тұрғын үй кешенінде көктемгі жылымықпен бірге күрделі мәселе шықты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғындардың айтуынша, күннің жылынуына байланысты шатыр сыр беріп, үй ішін су баса бастаған. Соның салдарынан подъездерге дейін су ағып, ортақ аумақтар жарамсыз күйге түскен. Бейнежазбадан төбеден сорғалаған су мен еденге жиналған көлшіктер анық көрінеді.

Тұрғындар жаңа баспана аларда жайлылық пен сапаға сенім артқанын айтады. Алайда іс жүзінде олар ескі үйлерге тән мәселелермен - шатырдың ағуы, ылғал мен мүлікке төнген қауіппен бетпе-бет келген. Мұндай жағдайда қала әкімдігі тарапынан құрылыс сапасын бақылау мен қабылдау жұмыстарына қатысты сұрақтың туындауы заңды.

Қазір тұрғындар жауапты мекемелерден нақты шара қабылдауды талап етіп отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.