«Күйеуім әкесінің көзінше шешіндіріп сабады»...

476
Қазақстандық Эльвира Келмағамбетова Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видеоүндеу жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзінің 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін және 2 баласын көрмегеніне 1 жылдан астам уақыт өткенін айтты.

"Мен - Әліби және Саида есімді екі баланың анасымын. Балаларыммен жүздеспегеніме 1 жылдан асты. Менің қолымда балалардың тұратын жерін анықтау туралы сот шешімі бар. Мен 2020 жылы сотта балаларыммен бірге болу құқығым үшін күрестім. Алайда, балаларымның әкесі ол шешімді орындап отырған жоқ. Мен оның басшысына хат жазып, көмек сұрадым. Алайда, одан да ешқандай нәтиже болмады», - дейді Эльвира. 

Балаларына жете алмай отырған ана Қазақстандағы заңдардың іс жүзінде орындалмайтынын айтып қынжылды. Оған мысал ретінде Сымбат Құлжағарованың оқиғасын келтірді. 
«Президент мырза, сізден Конституцияның кепілі ретінде көмек сұраймын. Мемлекеттік органдар өз жұмысын атқармайды. Менің балаларым қайда, оларға не болғанын білмеймін, менің олармен еш байланыса алмаймын. Маған көмектесуіңізді сұраймын", - деп жазды ол. 
Эльвираның айтуынша, ол алты жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. 

"Күйеуім менің қабырғамды, саусақтарымды сындырған. Шашымды жұлып, металмен ұратын. Ол – "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты. Өзгелердің алдында үлгілі болып көрінеді. Мен енді бұл адамның үйде қандай екенін, не істегенін айтайын. 

Мәселен, мына жағдай: Мен ауылда ата-енеммен, балаларыммен бірге төрт жыл тұрдым. 2019 жылдың жазы еді... Апта соңына қарай, жұма күні ол (жолдасы-ред) келді. Ұшып келетінін ескерткен жоқ. Кешкі сағат жетілер шамасы болатын. Мен жуынатын бөлмеде едім. Ол үйге ашулы түрде кірді де, телефонымды тартып алды.