Мал ұрлаған ұрылар 5 жылға сотталды

1 511

Фото: ©ЖИ арқылы жасалды/ChatGPTЖетісу облысында мал ұрлығы бойынша сотталғандар тек қылмыстық жаза алып қана қоймай, қылмыс құралы ретінде пайдаланылған көліктерінен де айырылып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокуратурасы мал ұрлығы деректері бойынша мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде қылмыс жасауға пайдаланылған құралдарды тәркілеуге ерекше мән беріп отыр. Қалыптасқан сот тәжірибесіне сәйкес, ұрланған малды тасымалдауға қолданылған автокөліктерді тәркілеу көбіне келтірілген шығын көлемінен бірнеше есе асып түседі. Қаратал аудандық сотының үкімімен үш адам екі бас ұсақ мал ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Келтірілген шығын 140 мың теңгені құрағанымен, сотталғандарға салынған жалпы материалдық шығын әлдеқайда жоғары болды.

«Сот прокурордың уәждеріне сүйене отырып, кінәлілерге 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және қылмыс құралы ретінде автокөлікті мемлекет пайдасына тәркіледі. Осылайша, бір реттік заңсыз пайда табу әрекеті бағалы мүліктен айырылуға және соттылыққа әкеп соқты», – делінген прокуратура хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.