Қызды ақша жіберу арқылы қорқытқан ер адам қамалды

1 518

Фото: Sputnik / Абзал КалиевАлматы облысында қызды жарты жыл бойы аңдыған ер адамға сот үкімі шыққан,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам былтыр қыркүйектен бастап жәбірленушіні еркіне қарсы жүйелі түрде мазалаған.

"Ол бірнеше рет қоңырау шалып, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы хабарламалар жіберген. Жәбірленуші оны бұғаттағаннан кейін де, ол байланыс орнату әрекетін жалғастырып, Kaspi.kz қосымшасы арқылы жәбірленушінің шотына аз мөлшерде ақша аударып, аударым кезінде мәтіндік хабарламалар жазған және бұл әрекеттер жиі қайталанған", - дейді сот.

Салдарынан жәбірленуші үнемі үрей мен қорқыныш сезімін бастан кешірген, ұйқысы бұзылып, психикалық жай-күйіне елеулі зиян келіп, қалыпты өмір салты өзгерген.

Сотталушыға Қылмыстық Кодекстің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 25 тәулікке қамауға алу жазасын кесілген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.