Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында курсанттың мәйіті табылды

180

Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


30 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында курсанттың мәйіті табылды. Ол үшінші курста оқыған. Өлімнің себебі суицид деп танылды.


Аталған фактіге қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу»бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында өзіне қол жұмсаған курсанттың соңғы хатын жариялады. Хат мәтініне назар аударсақ, жас жігіт құмар ойынға тәуелді болғаны байқалады. Марқұм өзіне қол жұмсаған күні жаңадан алған несиесінің төлем уақыты келгенін жазған.


Ол  ата-анасынан кешірім сұрап, олардың көз жасына себепкер болғанына өкінетінін айтқан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.