Заңсыз олжа ауыл тұрғынын сотқа дейін жеткізді

1 514

Фото:© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өту ЖазылуЖамбыл облысында өзен жағасынан есірткі тауып алған тұрғын сот алдында жауап берді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы Жуалы ауданына қарасты Жұрымбай ауылының маңындағы Теріс өзенінің жағасына отын жинауға барған. Сол жерде гашиш өсіп тұрғанын байқап қалған. Кейін оны тұтатып отырған сәтте полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды. Сот барысында ол кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ шөптің есірткі екенін білгенін де жасырмапты.

Сот үкімімен сотталушыға 121 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.