Машинист далада жүрген 4 жасар бала үшін пойызды тоқтатты

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИЖетісу облысында Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында қозғалған жүк пойызының машинисі теміржол төсемінің маңында Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз кетіп бара жатқан 4 жасар баланы байқап қалған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан.

Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алған. Маман бұл жайлы пойыз диспетчеріне дереу хабарласқан.

Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды. Станция кезекшісі баланың ата-анасымен байланыс орнатып, баланы оларға табыстады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.