Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты орын алды

502
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласында  орын алған жантүршігерлік жол апатының суреттері таралып кетті - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасына қатысты ақпарат Astanovka98 Telegram арнасында пайда болды. Автор оқыс оқиға Сарайшық көшесінің бойындағы көпірде болғанын айтады.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті "30 қыркүйек күні сағат 00:34 шамасында Toyota Camry көлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай кетіп бара жатқан. Жылдамдық режимін сақтамаған ол рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кеткен. Осылайша, 28 жастағы жүргізушісі басқарған Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан -дейді.


Жол апаты салдарынан бес адам қайтыс болып, бір адам зардап шекті. Дәлірек айтқанда, екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.